Қазақстан Ұлттық банкі 1 шілдеде елорданың мерейтойына орай «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ASTANA. 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, шақалар 3 шілдеден бастапҰБ-ның интернет-дүкені арқылы сатылады.
«ASTANA. 25 JYL» монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!