Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 16:43

Атаулы әлеуметтік көмек жойыла ма?

24.04.2023

238

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы жаңадан қабылданған әлеуметтік кодекстің бес басты жаңалығы бар. Солардың бірі – әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатын атаулы іс-шара. Тамара Дүйсенова осы шара негізінде мемлекет жұмысынан айырылған адамдарға қаржылай емес, қайта жұмысқа тұруына жәрдемдесетінін айтты.

«Жаңа парадигмаға сәйкес мем­ле­кеттік қолдау алдымен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алатын атаулы іс-шара, одан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмек ретінде қарастырылады. Түсінікті болуы үшін мысал келтіре кетейін. Отбасының цифрлық картасы жыл басында әлеуеті жоғары болған отбасының 5 айдан соң  әлеуеті төмен отбасы категориясына өткенін көрсетті. Талдау  несиені алған адамға 3 айдан бері зейнетақы жарнасының түспегенін, яғни жұмыссыз қалғанын айқындады. Сондықтан біз ол азаматтың мамандығын ескере отырып, жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы  SMS  хабарлама жібердік. Қазір бұл азамат жұмысқа тұрды, несиені қайтаруға қатысты да проблемасы жоқ. Көріп отырғаныңыздай, мемлекет қаржылай көмек емес, атаулы іс-шараны қолдана отырып, әлеуметтік тәуекелдің алдын алды. Мұндай мүмкіндікті биыл Отбасының цифрлық картасы арқылы тәжірибеге енгіздік. Сондықтан алдағы уақытта отбасылардың әлеуеті жөніндегі талдау жұмыстары күшейтіліп, мемлекеттік органдар мен отбасылар арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі деген үміттемін», деді министр.

Сондай-ақ Тамара Қасымқызы аталған әлеуметтік көмектің жойылмайтынын, қаржылай көмек тек жұмысқа жарамсыз отбасы мүшелеріне берілетінін атап өтті. Ал кедейлік шегін есептеу жүйесіне өзгерістер енгізіледі.

«Егер отбасы қиын жағдайда болса, онда атаулы әлеуметтік көмек атаулы іс-шарамен бір мезгілде беріледі. Мысалы, отбасына ай сайын атаулы әлеуметтік көмек, ал отбасының жұмысқа жарамды мүшелеріне оқу, жұмыс, грант және жеңілдетілген несие сияқты мемлекеттік қолдау іс-шаралары көрсетіледі.

Осы бағыттағы тағы бір маңызды өзгеріс атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейі арқылы емес, медиандық кіріс деңгейі арқылы анықталады», деді тамара Дүйсенова Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: