Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сейсенбі, 23 сәуiр, 22:28

Аудан әкімі А.Есжанов аудан халқын Ораза Айт мерекесімен құттықтады

21.04.2023

500

0

Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді әлеумет!

Қасиетті рамазан айы, ораза айт – мұсылмандар қауымының үлкен мерекесі. Бұл – ислам жолын ұстанған халқымыз үшін жақсылықтар айы, рухани жаңару айы, жаңару мерекесі. Ата-бабаларымыз осы қасиетті рамазан айында Алладан жақсы тілектер тілеп, болашақтан үлкен үміт күткен.

Бүгін ораза айт күні біз де Сіздермен бірге Жаратушы Алладан еліміздің амандығын, ұрпақтарымыздың болшағының жарқын болуын тілейміз!

Ораза ұстап, ауыз бекіту – мұсылманның бес парызының бірі болса міне, бүгін отыз күн оразаны аяқтап, сауапқа кенеліп, ораза айтқа да жеттік. Мұсылман ораза ұстап, ауыз бекіткенде имандылыққа бет бұрады, жаман істерден аулақ болады, қылмыс-қиянат жасамайды, тәубаға келеді, ол адам рухани жағынан да тазарады. Сіздердің осы істеріңіз, тілеген дұға-тілектеріңіз жақсылықтың бастауы болсын!

Қадірлі жерлестер, ораза айт құтты болсын! Пайғамбарымыз өсиет еткендей, тазалық пен имандылықты ту етейік. Халқымыз рухани жаңарып, кемелдікке жетіп, елде береке мен бірлік салтанат құрсын!

Мұраттарыңыз асыл, ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрметпен, аудан әкімі А. Есжанов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: