Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 05:47

Аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

07.04.2023

258

0

Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй алу, тұрақты жұмыс орнына орналасу және «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу туралы мәселелерді көтерді.

Тұрғындардың ұсынысына сәйкес, аудан басшысы жауапты аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына тиісті заңдылықтар бойынша мәселелеррді дер кезінде шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан мекемелерде зейнет жасына жетіп, жұмыс жасап жатқан қызметкерлер тізімін жасақтап, мамандығына сай басқа да азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға және мемлекеттік бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа тарту жөнінде тапсырмалар берді.

Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: