Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 22 қараша, 07:57

Аудан басшысы ақ халатты абзал жандармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады

27.09.2022

395

0

Кеше аудан әкімі Асқарбек Есжанов, Жалағаш аудандық емханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аудандық емхананың бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов 2022 жылдың 8 айында ауданда денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс барыстарына шолу жасады.Айта кетсек, қазіргі таңда 33 190 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік – акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Аудан әкімі мекеме басшылығына облыс және республикалық деңгейде біліктілікті арттыруға тапсырма берді. Және ақпарат майданына айналып бара жатқан жаңа, әділ Қазақстанда жасалынып жатқан жұмыстарын халыққа әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыра отырып насихаттауға ұсыныс тастады.Аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы маңызын айта отырып жұмыстарына сәттілік тіледі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: