Ауданда 2024 жылдың жазғы мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін «Ақтерек» сауықтыру лагері жұмыс жасап, әр аусымға 80 баладан, барлығы 456 бала қамтылды. 2025 жылдың жазғы мезгіліне де 80 баладан 456 баланы қамту жоспарлануда.
Бүгінгі күнге дейін «Ақтерек» сауықтыру лагерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылғанымен, әлі де болса материалдық-техникалық жағдайы сын көтермейді. Лагерь асханасы 1938 жылы, үш жатын ғимараттары 1998 жылы және бір жатын ғимараты 2012 жылы салынған.
Лагерде 2025 жылдың жазғы маусымға дайындық жұмыстары наурыз айынан басталып, жатын үйлердің ішкі бөлігіне ағымды жөндеу, ауланы тазалау, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржысы 2 646 893 теңге. Сауықтыру лагерін жазғы мезгілде қызмет көрсетуіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындымен қамтуда Басқармаға 2025 жылдың 14 сәуірінде № KZ63RYS01089808 санымен өтініш түскен болатын, осы өтініш бойынша лагерді тексеру барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бектілген «Балаларды сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 13,14,17,27,32,38,78,79,82,83 тармақтарында бұзушылықтар анықталып, дәлелді бас тарту берілді. Осы дәлелді бас тартуда көрсетілген кемшіліктерді қайта қалпына келтіруде қосымша 3 млн теңге қаржы қаралып, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
2025 жылдың жазғы мезгілінде лагерьді материалдық-техникалық жарақтандыруы бойынша 4910,0 мың теңге қаржы қаралып, 40дана керуерт, 40 дана тумбочка, 80 дана ас ішу залының орындығы, 4 дана асханалық шкаф, 32 дана жастық, барлық терезе көздеріне күннен қорғар жалюздер алынып, орнатылды.
Лагерь балаларына медико-санитариялық көмек көрсету бойынша 2025 жылғы 11 сәуірде «Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК №223-Ө бұйрығымен жалпы тәжірибелі дәрігер Ұзақова Гүлжайна, эпидемиолог дәрігер А.Издибаев аптасына 3 реттен сауықтыру лагеріндегі балалардың денсаулығын қадағалауды, 2025 жылдың 1 маусымы мен тамыз айының 15 аралығында алғашқы медициналық көмек көрсетуге жалпы тәжірибелі дәрігер Сахы Аружан мен мейіргер Қантай Ақерке, стоматолог дәрігер Жархан Мақсат, дантист Ермек.Жүсіпов, стоматолог дәрігерінің медағасы Талғат Жаңабергенов бекітілді.
Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінің 2025 жылға дайындығы бойынша Жол картасы әзірленіп, аудан әкімінің орынбасары Ғ.К.Сүлейменовпен бекітілді.
Ақтерек» жазғы сауықтыру лагерінің санитарлық-техникалық жағдайының төмендігі, күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туралы аудан әкіміне, аудандық білім бөліміне 13.03.325ж №24-34-23-04-47/248-И,249-И және аудандық маслихат төрағасына 19.03.25ж №24-34-23-04-47/287-И сандарымен ұсыныс хаттары беріліп, аудандық маслихат төрағасының 09.04.25ж №34 санымен хаттамалық шешімі шығарылды.
Санитарлық ағарту жұмыстарынан ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жазғы мезгілге лагердің дайындық жұмыстарын жандандыру барысында Жалағаш аудандық білім бөлімімен бірлескен бұйрығы (04.04.2025ж №38-нқ, 71-нқ) шығарылып, 2025 жылдың 7 сәуірінде Жалағаш аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында және «Ақтерек» жазғы сауықтыру және мектеп жаны күндізгі лагерь (лагерьге жауапты мамандар, сауықтыру лагерь директоры, дәрігер, мейірбикелер мен аспаздар) қызметкерлері арасында аудандық білім бөлімі, аудандық орталық ауруханамен бірлскен бұйрығы шығарылып 2025 жылдың 28-ші сәуірінде №202 орта мектептің акт залында семинар өткізілді.
Г.Аймбетова
Жалағаш аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!