Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 20:19

Ауданды жанар-жағар маймен қамтамасыз ету туралы мәжіліс өтті

07.04.2023

322

0

Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен ауданда жанар-жағар маймен қамтамасыз ету туралы мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, мелмекеттік кірістер басқармасы басшылары және жанар-жағармай саудасымен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатысты.

«Аудан бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізетін 4 жанармай және 7 газ құю бекеттері жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге жанар-жағармай бекеттерінде 84 тонна бензин 16 тонна дизель және 14 тонна газ қоры бар. Бұл жерде, жанармай және газ құю бекттерінде дефицитті қолдан жасауға жол берілмеуін қатаң бақылауға алу қажет», – деді, аудан әкімі.

Жиында мерзімді уақытқа дейін баға тұрақтылығын сақтау үшін ауданда жанармай және газ құю бекеттерінде дефицитті қолдан жасауға жол бермеу, негізсіз лимиттер орнатқан тұлағаларды анықтау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы штаб құру тапсырылды.

Сондай-ақ, жанармай және газ құю бекеттерін аралап, алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізу және алдағы күндері қандай да бір мұнай өнімдерінің қолдан тапшылық жасау фактілері орын алған жағдайда, Заң аясында тиісті шаралардың қабылданатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: