«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Дүйсекеев Жасұлан Талғатұлы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымына қабылданды.
Жасұлан Талғатұлы, 1990 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін Халықаралық құқық мамандығы бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы Массачуссеттс штатының Гринфилд Университетін Бизнес администрация мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасында бас инспектор болып бастаған.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының жетекші маманы, бас маманы,
2015-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы, 2016-2019 жылдары ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
2019-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарған.
Жасұлан Талғатұлы, мемлекеттік қызметте тәжірибесі жеткілікті білікті маман.
Жасұлан Талғатұлы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізуді, ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыруды, сондай-ақ, аудан көлемінде сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ететін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!