Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Жұма, 22 қараша, 08:53

Аутизм – психикалық дамудың бұзылуы

19.01.2023

1114

0

Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы, яғни шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы.

Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.

Аутизмның белгілеріне келсек, баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенін көрсетеді.

Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың тек бір бөлігімен ғана, яғни тек қолымен немесе басымен ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды.

«Аутизмді қалай анықтап, балаға қалай диагноз қояды?» деген сауалдың түйінін тарқатсақ, балада аутизм белгілері бар екеннін анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар екенін аңғарамыз. Негізінен белгілердің үш тобы бар. Бала көзбе тобында көз байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың сезімін, мәселен, ауыру және көңілсіздікті түсінуі қиын болады.

Ауызша және ауызша емес байланысқа келсек, бала мүлдем сөйлемейді немесе тек бірнеше сөзді тоқтаусыз қайталайды.Алшеклеулі қызығушылықтарда бала ойыншықпен тұтастай ойнамай, тек оның бір мүшесімен, яғни қолы, аяғы немесе басымен ғана ғана ойнайды. Ал жасөспірімдер тек бір сабаққа немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта қызығуы мүмкін, мәселен, математика немесе сандық белгілер.

Аутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса, нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысының белгілері әртүрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адмның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен араласып, байланысқа түседі.

Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін жақсартады.

Гүлназ Тұрғанбаева,

аудандық аурухананың аға патронаж мейіргері    

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: