Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 29 наурыз, 20:12

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін субсидияға жаңа норма енгізіледі

24.04.2023

2177

0

Ауыл шаруашылығы министрі ішкі нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жүргізілетін бірқатар шара туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта «Айналым схемасын» іске асыру процесіне Азық-түлік корпорациясын сенімгер агент ретінде тарту мәселесі пысықталуда, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ішкі азық-түлік нарығындағы ахуалды тұрақтандыру мақсатында субсидиялау тетігіне жаңа норма енгізіледі, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап пилоттық режимде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын немесе оларды өндіру үшін шикізат өндірумен айналысатын субсидия алушылар нарықтық бағалар бойынша ішкі нарықта өнімді өткізу бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне алуға тиіс.

Ербол Қарашөкеев сақтау инфрақұрылымын құру және көкөніс қоймаларының тапшылығын азайту мақсатында 2025 жылға дейінгі көкөніс қоймаларын салу мен жаңғыртудың кешенді жоспарын іске асыру жалғасатынын айтты. Бұл жоспарда жалпы сыйымдылығы 342,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын 97 жобаны іске асыру көзделген. Бұл бағытта бизнесті ынталандыру мақсатында қолданылатын сақтау технологиясына байланысты осындай объектілерді салу кезінде шығындарды өтеу нормативін 25%-дан 40-50%-ға дейін жеткізу үшін инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: