Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтандыру жағдайы өңірлеру әкімдіктерінің жеке бақылауына өтеді. Қараша айы жылдық азық-түлік инфляция деңгейін қалыптастыратын шешуші ай болмақ. Аталған мәселе бойынша Үкіметте өткен жиында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырма жүктеді.
Сауда комитетінің мәліметінше, қарашаның бірінші аптасында ӘМАТ бағасының өсімі 0,1 пайызды, негізгі драйвер жұмыртқа бағасының маусымдық өсуі 1,7 пайызды құрады. Сонымен қатар қарақұмық 0,2 пайызға және күнбағыс майы 0,1 пайызға бағасының ұзақмерзімді төмендеу үрдісі жалғасып отыр. Көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне келсек, картоп 1,7 пайыз, пияз 1,2 пайыз, қырыққабат 1,3 пайыз, сәбіз 1 пайыз көрсеткіште тіркелді.
Жұмыртқа бағасының едәуір өсімі Алматыда байқалды, бір аптада 3,7 пайызға өскен. Маусымаралық бағаның көтерілу қаупін ескере отырып, Серік Жұманғарин әкімдіктерге өңірлердегі әлеуметтік азық-түлік бағасының жағдайын жеке бақылауды тапсырды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ірі өндірушілер арасындағы баға өсімінің себептерін талдау және анықталған фактілер туралы келесі аптада хабарлауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде өңірлерде көкөніс, қант, қарақұмықтың барлық қажетті қоры қалыптастырылған. Күріш бойынша қажетті қор қалыптастыру деңгейі төмен, келісім-шарттың жалпы пайызы қажетті сұраныс көлемінің 86 пайызын құрайды. Артта қалғандардың қатарында 94 пайызбен Алматы, 64 пайызбен БҚО, 28 пайызбен Қарағанды облысы, 61 пайызбен Маңғыстау облысы тұр. Күріш бойынша артта қалулар бар, мердігерліктің жалпы пайызы қажетті сұраныс көлемінің 86 пайызын құрайды.
Сондай-ақ вице-премьер барлық өңірлерге құс фабрикаларын айналым қаражатымен қолдауға ерекше назар аудара отырып, осы жұмысты бір апта мерзімде аяқтау міндетін қойды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2023-2025 жылдарға арналған көкөніс сақтау қоймаларын салу бойынша кешенді жоспарды іске асыру жағдайы туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қуаты 1 822 мың тонна көкөніс пен жеміс сақтайтын 901 нысан бар. Кешенді жоспарға сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында жалпы қуаттылығы 689,9 мың тонна болатын 92 сақтау қоймасын салу жоспарланған, бұл жалпы сақтау қуаттылығын 2,4 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл сыйымдылығы 272 мың тонна, 2024 жылы 206 мың тонна және 2025 жылы 160 мың тонна сақтау орны пайдалануға берілуі тиіс.
Мұнан басқа кеңесте күнбағыс өсірудің мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Биыл басым дақылдар өндірісін қолдауға бөлінген субсидиялардың жалпы көлемі 9,3 млрд теңге, майлы дақылдарға 2 млрд теңге қарастырылған. Барлық өңірлерден күнбағысты субсидиялауға Қостанай, Алматы және Жетісу облыстарында ғана қаражат бөлінді. Мәселен, Түркістан өңірі мемлекеттік қолдау қаражатын сафлорды субсидиялауға бағыттады. АШМ мәліметінше, келер жылы күнбағыс өсіруді субсидиялауға арналған қаражат көлемі шамамен сол деңгейде қалады.
Вице-премьердің айтуынша, алдағы жылдары өңірлерде күнбағысты қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттар іске қосылады. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған зауыттар 50 пайыздан кем жүктелген, ал шикізатсыз, күнбағыс өсіруді субсидиялаусыз жүктеу 20 пайызға жеткізу жоспарланған. Елімізде күнбағысты қайта өңдеуді дамытудың маңызы зор, өйткені оны шикізат ретінде көрші елдер бізден алады. Сондықтан күнбағыс өсіру саласын қолдау қажет екенін жеткізді. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына жаңа тауар сипаты жоқ астықты өткізу бойынша шаруаларға көмек көрсету мүмкіндіктерін пысықтауды да тапсырды.
Жандос ЖАЗКЕН
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!