Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 14:12

Баға бақылауда бола ма?

14.11.2023

4259

0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтандыру жағдайы өңірлеру әкімдіктерінің жеке бақылауына өтеді. Қараша айы жылдық азық-түлік инфляция деңгейін қалыптастыратын шешуші ай болмақ. Аталған мәселе бойынша Үкіметте өткен жиында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырма жүктеді.

Сауда комитетінің мәліметінше, қара­шаның бірінші аптасында ӘМАТ баға­сының өсімі 0,1 пайызды, негізгі драйвер жұмыртқа бағасының маусымдық өсуі 1,7 пайызды құрады. Сонымен қатар қарақұмық 0,2 пайызға және күнбағыс майы 0,1 пайызға бағасының ұзақмер­зімді төмендеу үрдісі жалғасып отыр. Кө­көніс бағасының маусымдық төмен­деуіне келсек, картоп 1,7 пайыз, пияз 1,2 пайыз, қырыққабат 1,3 пайыз, сәбіз 1 пайыз көрсеткіште тіркелді.

Жұмыртқа бағасының едәуір өсімі Алматыда байқалды, бір аптада 3,7 пайызға өскен. Маусымаралық бағаның көтерілу қаупін ескере отырып, Серік Жұманғарин әкімдіктерге өңірлердегі әлеу­­меттік азық-түлік бағасының жағ­дайын жеке бақылауды тапсырды. Бәсе­ке­лестікті қорғау және дамыту агент­тігі ірі өндірушілер арасындағы баға өсі­мі­нің себептерін талдау және анық­тал­ған фактілер туралы келесі аптада хабарлауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде өңірлерде көкөніс, қант, қарақұмықтың барлық қажетті қоры қалыптастырылған. Күріш бойынша қажетті қор қалыптастыру деңгейі төмен, келісім-шарттың жалпы пайызы қажетті сұраныс көлемінің 86 пайызын құрайды. Артта қалғандардың қатарында 94 пайызбен Алматы, 64 пайызбен БҚО, 28 пайызбен Қарағанды облысы, 61 пайызбен Маңғыстау облысы тұр. Күріш бойынша артта қалулар бар, мердігерліктің жалпы пайызы қажетті сұраныс көлемінің 86 пайызын құрайды.

Сондай-ақ вице-премьер барлық өңір­лерге құс фабрикаларын айналым қара­жатымен қолдауға ерекше назар аудара отырып, осы жұмысты бір апта мерзімде аяқтау міндетін қойды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2023-2025 жылдарға арналған көкөніс сақтау қоймаларын салу бойынша кешенді жоспарды іске асыру жағдайы туралы баяндады. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қуаты 1 822 мың тонна көкөніс пен жеміс сақтайтын 901 нысан бар. Кешенді жоспарға сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында жалпы қуаттылығы 689,9 мың тонна болатын 92 сақтау қоймасын салу жоспарланған, бұл жалпы сақтау қуаттылығын 2,4 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл сыйымдылығы 272 мың тонна, 2024 жылы 206 мың тонна және 2025 жылы 160 мың тонна сақтау орны пайдалануға берілуі тиіс.

Мұнан басқа кеңесте күнбағыс өсі­рудің мемлекеттік қолдау шаралары тал­қы­ланды. Биыл басым да­қылдар өндірісін қолдауға бөлінген суб­сидия­лардың жалпы көлемі 9,3 млрд теңге, майлы дақылдарға 2 млрд теңге қарас­тырылған. Барлық өңірлерден күн­ба­ғысты субсидиялауға Қостанай, Ал­маты және Жетісу облыстарында ғана қаражат бөлінді. Мәселен, Түркістан өңірі мем­лекеттік қолдау қаражатын саф­лорды субсидиялауға бағыттады. АШМ мәлі­метінше, келер жылы күнбағыс өсіруді субсидиялауға арналған қаражат көлемі шамамен сол деңгейде қалады.

Вице-премьердің айтуынша, алдағы жылдары өңірлерде күнбағысты қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттар іске қо­сылады. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған зауыттар 50 пайыздан кем жүктелген, ал шикізатсыз, күнбағыс өсі­руді субсидиялаусыз жүктеу 20 пайызға жеткізу жоспарланған. Елімізде күнбағысты қайта өңдеуді дамытудың маңызы зор, өйткені оны шикізат ретінде көрші елдер бізден алады. Сондықтан күнбағыс өсіру саласын қолдау қажет екенін жеткізді. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына жаңа тауар си­паты жоқ астықты өткізу бойын­ша ша­руаларға көмек көрсету мүмкіндік­терін пысықтауды да тапсырды.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: