Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:30

Баға бақылауда болады

03.08.2023

437

0

Шілденің соңғы екі аптасында әлеуметтік маңызы бар өнімдерге 0,2 пайыз мөлшерде дефляция тіркелді. Сенбі күнгі Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырыста аталған нәтиже мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Айта кетейік, тоғыз тауар бойынша баға төмендеген. Баға түсуінің ұзақ­тығы бойынша күнбағыс майы, қа­рақұмық, құс еті көш бастап тұр. Өткен аптада пияз, қант, сәбіз, картоп, ұн, тұздың баға индексі төмендеген.

Көптеген әлеуметтік өнім баға­сының төмендеуіне қарамастан, олар­дың кейбірі, атап айтқанда, қырық­қабат, жұмыртқа, күріш бағасының шамалы өсу үрдісі сақталған. Кеңес барысында осы мәселеге ерекше назар аударылды.

– Бүгінде азық-түлік корпорациясы 6 мың тонна күріш жармасын сатып алған. Өңірлер тек 5,7 мың тонна кү­ріш­ке келісім-шарт жасады, оны 25 мың тоннаға дейін жеткізу тап­сы­рыл­ған. Күріштің жеткілікті кө­лем­де болуы ғана күріш бағасының өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік бе­реді, – деді сауда және интеграция бі­­рінші вице-министрі Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар ол айналым схе­масы арқылы сатып алуды ұйым­дастыру бойынша Қазақ­станның жұ­мыртқа өндірушілер қауым­дасты­ғымен жұмыс жүріп жат­қа­нын ай­тады. Өңірлерге тікелей өнді­руші зауыттармен келісім-шарт­тар жа­сауды қамтамасыз ету тапсы­рылған.

Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұ­мысы бөлек қаралды. Жыл басынан бері комиссиялар 1 108 отырыс өт­кізіп, 360 өнімсіз делдал жойылған, 716 тізбек талданып, 122 факт бойын­ша сауда үстемесін асыру қаупі анықталған.

– Мысалы, маусым-шілде айла­рында ірі өндірушілер 5 мың са­тып алушыға 27 млн-дан астам жұ­мыртқа өткізді, оның ішінде 1 500 жеке тұлғаға 1,5 млн-дан 2 млн-ға дейін жұмыртқа сатылды. Содан кейін тізбек үзіледі. ҚМ МКК-мен бір­лесіп, заңсыз кәсіпкерлік үшін жеке тұлғаларды жауапқа тарту мәселесін қарастыру, сондай-ақ ӘМАТ-ты өткізу кезінде осы тұлғаларды электрондық шот-фактураларға сәйкестендіруді жүр­гізу қажет деп санаймыз, – деді сау­да және интеграция бірінші вице-министрі.

Сонымен қатар кеңес барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов баяндама жасады, ол 2024 жылғы маусымаралық кезеңге өңірлерде пияз және сәбіз бойынша ұсынылған көлем жиналғанын хабар­лады. Әкімдіктермен бірлесіп, картоп, қырыққабат, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қантқа форвардтық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыс жалғасуда.

– Елдегі салыстырмалы түрде тұрақты жағдайға қарамастан әкім­діктер әлеуметтік өнімдерді, ең ал­дымен пияз бен қырыққабат бойынша келісім-шарт турасында белсенді жұ­мысты жалғастыруы қажет. Тамыз айына дейін күрішті жеткізуге және қажетті көлем бойынша алдын ала келісім-шартқа отыруға форвардтық келісім-шарттар жасасу қажет. Жұ­мыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау, бизнес, өндірушілер, сауда желі­лерімен жұмыс жүргізу, Қаржы ми­нис­трлігімен және Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігімен бір­лесіп, артық делдалдарды жою бойын­ша жұмыс істеу қажет, – деп қоры­тындылады Серік Жұманғарин.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: