Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 03:02

Байқоңырдан ғарыш жүк кемесі ұшырылды

26.10.2022

261

0

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-21» көлік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

«Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-21» жүк кемесін жер маңы орбитасына шығарды. Енді ол Халықаралық ғарыш станциясына екі күн бойы өз бетінше ұшуы керек, деп хабарлады РИА Новости.

Зымыран Байқоңыр ғарыш айлағынан 26 қазанда Мәскеу уақытымен 03:20-да ұшырылды. Орбитаға шығарылғаннан кейін «Прогресс» халықаралық ғарыш станциясына жеткенше Жерді 34 рет айналып шығады. Жүк кемесі станцияға 28 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 5.50-де түйіседі деп жоспарланған.

Кеме орбитада сегіз ай болады. Кеменің сыртқы элементтері, яғни, антенналар мен күн батареялары толығымен ашылды.

«Прогресс МС-21» халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк – станцияға отын, ауыз су, халықаралық ғарыш станциясында атмосфераны ұстап тұруға арналған азот, ресейлік сегмент жүйелеріне арналған ресурстық жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, медициналық бақылау және санитарлық-гигиеналық және гигиеналық жабдықтар, жаңа киімдер, азық-түлік жеткізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: