Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 09:54

Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеуді бастады

07.04.2024

299

0

Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеуді бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Ең күрделі жағдай – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында.

“Прокуратура нақты елді мекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттеліп жатыр.
Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға беріледі”, – делінген ведомоствосында.

Прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады.  

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді. Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: