Партияның тұғырнамасы бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Халыққа қызмет» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
«Халыққа қызмет» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Бөлембаев Қанат өз сөзінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсететін Президенттің маңызды бастамаларына қатысушылардың назарын аударды. Ол саяси модернизациядан кейін құрылымдық экономикалық қайта құру кезеңі басталатынын атап өтті.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ахан Кенжебаев жиналғандарға «AMANAT» партиясының ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылатын жаңа саяси тұғырнама қалыптастырғанын хабарлады. Бұл құжат Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа көзқарасы, даму бағдарлары, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтиды.
Ол адамның, қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара байланысы қағидаты бойынша құрылған. Онда Тәуелсіздік-біз сақтауға және қорғауға тиісті баға жетпес қазына деген тезис басты орын алады.
Кездесу соңында партия мүшелері БПҰ делегаттарын партияның аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына сайлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!