Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шеткі шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал. Батыста, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді.
Елдің басым бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнауы мүмкін.
Ал Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетіндегі температура 2-3 градусқа дейін суиды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!