Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 08:48

Бір миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша берешегі бар

10.05.2023

4324

0

1 миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 29,1 миллиард теңге болатын қарызы бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, оның 27,9 млрд теңгесі – көлікке салынатын салық бойынша қарыз.

«Осы жылдың 26 мамырынан бастап берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан кезінде борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін», – делінген комитет хабарламасында.

Сондай-ақ жеке сот орындаушылары борышкерден берешек сомасынан бөлек сол қарыздың 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Салық бойынша берешектің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан тексеруге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: