Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жұма, 22 қараша, 17:02

Бишілер топ жарған байқау

15.10.2024

219

0

Алматыдан ақжолтай хабар! Балалар шығармашылығына арналған халықаралық «Бозторғай» байқауында жалағаштық «Кербез» би тобы бас бәйгені жеңіп алды. Үш күнге созылған өнер жарысында Мәдениет ауылдық клубы жанынан құрылған би тобы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жалпы Мәдениеттегі ауылдық клуб­­тың бұған дейінгі жетістіктері де аз емес. Бұл ондағы үйірмелердің нәтижелі жұмыс жасап жатқанын аңғартса керек. Ауыл­дық клуб меңгерушісі Алеша Тұр­ма­­ханов осыған дейін мәдениет үйі жа­ны­нан 5 үйірме ашылғанын ай­та­ды. Бү­гінде онда 50-ге жуық бала қам­тылған.
– Мәдениет – атына заты сай ауыл. Халықаралық байқауда жас өрендеріміз соны тағы бір делелдеп отыр. Мұнан бөлек «Қуыршақ», «Қолөнер», «Ән» және «Көркемсөз» үйірмесі жұмыс жа­сайды. Ондағы балалардың да бұған дейінгі жетістігі көп. Балалар шы­ғар­­машылығын шыңдап, табанды еңбек етіп жатқан әріптестеріммен мақ­тана­мын. Алдағы жоспарымыз көп, үлкен өнер жарыстары да бар, қазір соған қы­зу дайындық үстіндеміз, – дейді Алеша Тұрмаханов.
Айта кетейік, аталған өнер ұжымы халықаралық байқаудың аудандық ірік­теу кезеңінде де дараланды. Об­лыстық кезеңде 10-нан астам би то­бы­ның арасынан оза шауып, бас бәй­гені иеленген. Кешегі халықаралық байқауда атына заты сай өнер ұжымы «Кербез» халық биін орындаған. Ал екінші кезеңде эстрадалық үнді биімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.
«Кербез» би тобының жетекшісі Жан­сая Төлегенқызы шәкіртерінің бұ­ған дейін де өнер жарыстарында топ жа­рып жүргенін айтады. Мәселен, «Жа­лынды жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «JasSTAR» II республикалық-халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастар фестиваль-конкурсында республикалық бай­қауға жолдама алған. Ауданда ұйымдас­ты­рылған XXYI «Бозторғай» балалар шы­ғармашылығы байқауында об­лыс­тық байқауға жолдама алды. Т.Жүр­ге­нов ауылдық мәдениет үйінің ұйымдасты­руымен өткен «Адал адам» мәдени-тәр­бие орталығы тұжырымдамасының «АRT уақыт» жоба аясында «Сырлы биім – елге сыйым» атты бишілер байқауында бас жүлде алды.
Қызылорда облыстық халық шы­ғар­машылығын дамыту және мәдени-про­дюсерлік орталығында өткі­зіл­ген XXYI «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауынды «Кербез» би тобы бас жүл­демен марапатталды. Мұнан бө­лек Қызылорда қаласындағы «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпарат­тық-ре­сурс­тық орталығының ұйымдас­тыруымен өткен «JasStar» балалар мен жас­өс­пірімдер және жастар фестиваль-кон­курсында да өнерімен топ жарды.
– Топтағы қыздардың барлығы та­лантты, біздің міндет – бала бойындағы талабын шыңдау. Шүкір, жұмысымыз нәтижесін беріп жатыр, алдағы уа­қытта тағы жарыстар бар. Қазір соған дайындық үстіндеміз. Бала бойындағы шығармашылықты, өнерді одан әрі дамыту баланың ізденуімен ғана жүзеге аспайды. Біз де ізденеміз, жиған тәжірибемізді соларға үйретеміз. Өнер жарысындағы осыған дейінгі ортақ жеңісімізді соның жемісі деп білемін, – дейді «Кербез» би тобының жетекшісі Жансая Төлегенқызы.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: