Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 01:41

Бюджет нақты мақсаттарға бағытталады

13.12.2022

1287

0

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28 сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары мен мекеме, бөлім басшылары қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың хатшысы Г.Құрманбаева жүргізіп отырды.

Сессияның күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралып, ол жөнінде аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова кеңінен тарқатты. «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Жалағаш аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №12/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндаған бөлім басшысы ауданның нақтыланған бюджетіне республикалық бюджет және несие есебінен ауданға бөлінген қаржылардың үнемделген бөлігі 111 млн аса қаражат бюджеттік бағдарламаларынан қысқартылғанын атап өтті.
«Сонымен қатар ҚР Ұлттық Қоры есебінен өзімізге белгілі екінші жартыжылдықтан бастап М.Шәменов ауылындағы мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Осы күрделі жөндеу жұмыстарына 93 млн-нан аса қаржы бөлінген болатын. Жобаны толық аяқтауға 48 млн-нан аса қаржы бөлінді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамту бағдарламасына барлығы 49 млн-нан аса қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, жоғарыда атап өткен қаулыларға сәйкес облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыдан үнемделген 13 млн 521 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қысқартылып, қосымша облыстық бюджет есебінен 71 млн 561,7 мың теңге бөлінді. Бұлар қосымша қаржылар болып саналады. Аудандағы «Ақтерек 170» учаскесіндегі инфрақұрылымдарға бөлінген ауызсу, электр желілерімен толық жабдықтау жұмыстарына бағытталды» деді аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Хамитқызы.
Сессия отырысында қаралған мә­селе төңірегінде депутаттар ара­сында ешқандай қарсылық айтыл­ған жоқ, жан-жақты талқыланып, депу­тат­тар­дың қолдауымен бекітілді.

Нұр НАУАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: