Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:51

Бүгін ауа райы қандай болады?

15.09.2022

663

0

15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүреді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде түседі. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: