Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сенбі, 01 қазан, 22:16

Бүгін күн мен түн теңеседі

23.09.2022

57

0

Бүгін 2022 жылдың 23 қыркүйегі – Жер бетінде күзгі күн мен түннің теңесетін күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең Күн эклиптика бойымен қозғалып, аспан экваторын кесіп өтіп, Солтүстік жарты шардан оңтүстікке қарай жылжыды. Жердің солтүстік жарты шарында астрономиялық күз, ал оңтүстік жартысында көктем басталады.

Астрономдар бұл күнді күзгі күн мен түннің теңесуі деп атайды.

Ертеңнен бастап күн қысқарып, түн ұзарады. Мысалы, бүгін, 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Астанада Күн 07:01-де шығып, 19:11-де батады, күннің ұзақтығы 12:10. Ал ертең, сенбі, 24 қыркүйекте күн екі минуттан кейін шығып, көкжиектен екі минут бұрын төмен түседі, нәтижесінде күндізгі жарық уақыты 4 минутқа азаяды. Түннің ұзақтығы да сонша ұзарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: