Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 17:50

Былтыр «Киік» акциясы аясында 20 қылмыс тіркелді

21.04.2023

342

0

  Бүгінгі күні киікке қатысты мәселе бүкіл елдің назарында екені белгілі.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығының талабына сәйкес ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2024 жылға дейін тыйым салынған. 

Алайда, осындай тыйымдармен шектеулерге қарамастан ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер тіркелуде.
Бір бас серке киікті заңсыз аулау салдарынан 7 млн 762 мың 500 теңге, бір бас ұрғашы киікті немесе төлін заңсыз аулау салдарынан 5 млн 433 мың 750 теңге шығын есептеледі. 

Табиғат байлықтарын келер ұрпаққа сақтап, жеткізу мақсатында қорғауға ат салысу әрбір адамзаттың міндеті.

Көктем кезінде «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы 15 сәуір-15 мамыр аралығында өтеді. 
Акцияның мақсаты лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығынан құралған табиғат байлығының ажырамас бөлігі. Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу бүгінгінің міндеті. 
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Ішкі істер министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Киік» кең ауқымды акциясын өткізу мақсатында 2023 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.

Облыс аумағы ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер санатындағы киік жануарларының мекен ету ортасымен өріс аудару жолы болып табылады. 

Айта кету керек, былтыр ақбөкендерге жүргізілген санақ қорытындысымен Бетпақдала популяциясы – 489000 бас, Орал популяциясы – 801000 бас, Үстірт популяциясы – 28000 бас, барлығы 1 318000 бас киік есепке алынды. 2022 жылы киіктер және олардың бөліктері мен дериваттарына қатысты 20 қылмыстық іс тіркелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: