Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 13:28

Чернобыль апаты – ғасыр дерті

26.04.2023

862

0

Әлемге қауіп төндірген Чернобыль апатына биыл 37 жыл. Адамзат тарихындағы ең ірі апаттардың бірі саналатын Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылдың 26 сәуірінде апат болды. Кеңес одағы тарихында миллиондаған адамның өмірінде қаралы күн болып қалған осы оқиғаның салдары өшпес із қалдырды.

Қаншама жаңа ұрпақ дүниеге келгенімен, талай отбасын қара жамылдырған жойқын апат әлі күнге ұрпақтарының жадында. Сәрсенбі күні Тағзым алаңында Чернобыль апатынан зардап шеккен жауынгерлерді еске алуға арналған жиын өтті. Шараға аудан басшылығы бастаған бірқатар азаматтар мен боздақтардың ұрпақтары қатысты.

Тағзым аллеясына жиналған жалағаштықтар арнайы ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, қиын шақта қаза болған азаматтарға құран бағыштап, қыршын кеткен боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Чернобыль апатының зардаптарына тоқталған аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ол күн тарих беттерінде мәңгілік қалатынын жасырмады.

 – Қоршаған ортаға, тұрғындар мен құтқарушылардың денсаулығына орасан зиян тигізген апаттың зардабын жоюға елімізден 32 мыңнан астам адам тартылды. Оның ішінде Жалағаш жерінен 7 адам аттанып, қазіргі таңда ол боздақтардан арамызда 4 азамат қалды. Сонау қиын кезеңдер ел жадынан ешқашан өшпейді, өйткені бейбіт күн оңайлықпен келген жоқ, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Жалпы, сәуір айында болған апаттан Украинаның елеулі аумағы радиоактивті ластанып, адамдар өміріне орасан қауіп төндірді.

Шарада тағзым алаңына жиылған жұртқа Чернобыль апатының салдары мен қиыншылықтары, ауыр қасіреті зардаптары туралы апатты жоюға қатысқан Жалағаш ауданындағы жетекшісі Серікбай Ибраев жүрек түкпіріндегі қиын бір шағын еске алып, сөз етті. Осынау азабы ауыр апатта боздақтардың ел үшін еткен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталары хақ!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: