Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 26 сәуiр, 23:26

Депутат электронды темекілер мен вейптерді сатуға тыйым салуды сұрады

10.05.2023

356

0

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, қазір электронды темекіге тәуелділердің қарасы прогресивті жылдамдықпен артып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұргүл Тау Respublica партиясына мектеп оқушылары мен жастар арасында «вейп» атымен танымал электронды темекілердің жаппай таралуына және қолданылуына тыйым салу туралы көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл ретте депутат Әлихан Смайыловты осы күрделі мәселеге назар аударуды сұрады. Нақтырақ:

1. Депутаттық сауалда қойылған мәселелерді қарауға және елімізде вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруға;

2. Электронды темекілердің, оның ішінде вейптердің жарнамасына тыйым салуға және осыған байланысты жауапкершілікті күшейтуге;

3. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №22 бұйрығына «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электронды тұтыну жүйелерін және олар үшін сұйықтарды орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салудың сақталуын тексеру туралы» тармақ қосу бөлігінде толықтыру енгізуге ұсыныс берді.

Өтініш білдірген ата-аналар құрамында никотині бар девайстардың таралуына және сатылуына түбегейлі қарсылық білдірген. Қазір әлемнің 32 елінде вейптерді сатуға тыйым салынған. Олардың қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Қатар және тағы басқа елдер бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: