Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:51

Депутаттар Т.Жүргенов ауылында сайлаушылармен кездесті

04.07.2023

354

0

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының елдімекендерге сапары басталды. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданы, Т.Жүргенов ауылында болып, тұрғындармен кездесті.
Кездесуде ауыл тұрғындары жайылымдық жерлер, шаруалардың ротациялық жүйенің сақтамауы, әлеуметтік нысандарды жөндеу және су мәселелерін көтерді.
Ауылымыздағы №15 «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы 1988 жылы тиіптік жобада салынып пайдалануға берілген. Қазіргі таңда бөбекжай-бақшада 4 топта 85 бала тәрбиеленіп,30 қызметкер жұмыс жасайды. 2009 жылы жаңадан бу қазандығы салынып пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта бөбекжай-бақша ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Атап айтқанда ғимараттың шатыры тозып,ішкі-сыртқы сылақтары түсіп,эмлектр желілерінің тозығы жетіп тұр. Алдағы уақытта бөбекжай-бақшаға заманауи үлгідегі күрделі жөндеу жүргізілуіне ықпал жасауыңызы сұраймын – деді ауыл тұрғыны Әли Қасымов.
Кездесуде халық қалаулылары сайлаушылардан түскен ұсыныстарды назарға алатындығын айтты. Сонымен қатар, шараға Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Әмірбек Шаймағанбетов, Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары Елеусінов Өмірзақ, Қуат Ахетов қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: