Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Жұма, 19 сәуiр, 03:53

Диетолог салмақ тастау үшін таңғы асқа не жеу керектігін айтты

23.05.2023

3419

0

Америкалық диетолог Лиза Янг артық салмақтан арылуға көмектесетін таңғы ас туралы айтты, деп хабарлады Eat This, Not That порталы.

Маман май қабатын кетіру үшін тамақтану рационына ақуызды көбірек қосуды ұсынды. Оның айтуынша, таңғы аста жұмыртқадан жасалған тағамдарды, жидектер қосылған сұлы жармасын, жемісті көбірек жеу керек.Тұтас дәнді наннан бас тартуға тура келеді.

Маман жидектерде салмақты бақылауға көмектесетін жасұнық бар екенін атап өтті.

Янг сонымен қатар жаңа дайындалған смузилер, жеміс йогурттары, сондай-ақ зығыр және чиа дәні, киноа артық майды кетіру үшін жақсы көмектесетінін айтты.

Диетолог отырып тамақтануға кеңес берді, өйткені адам жүріп бара жатқанда артық тамақтанады және салмақ қосып алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: