Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Жексенбі, 12 мамыр, 07:48

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АУДАН БОЙЫНША ІСКЕ АСУЫ. САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ «ӘЛЕУМЕТІК САЛА» ТАРМАҒЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ КӨРСЕТКІШІ ҚАНДАЙ?

22.06.2023

436

0

Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия отырысында талқыланды. Аталған комиссия төрағасы Ханбибі Дуланқызы төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 3 мәселе қойылды. Сонымен қатар, отырысқа арнайы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Шоңмұрынқызы қатысты.

Күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе бойынша Партиялық бақылау комиссия құрамына жаңадан мүшелер қосылды. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Бақыт Тоқтасынқызы, Гүлжайна Айтжанқызы және Еркебұлан Мақсұтұлы Партиялық бақылау комиссия құрамына қосылып, отырыс барысында таныстырылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты 144 адамға беру жоспарланды. Жыл басынан бері 2-рет комиссия отырысы өтіп, 72 адам комиссияның оң шешімін алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар- 41 адам. 2023 жылдың 1 маусымына 31 адам әлеуметтік жұмыс орны бағдарламасына жолданып, жоспар 75,6 пайызға орындалды. Оның ішінде 3 адам аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орны – еңбекақысын субсидиялау арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізде жұмыс беруші ашатын жұмыс орны. Ашылатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда болмауы тиіс.
Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға оқытуға жоспар – 46 адам. Оқудың басталуы 2023 жылғы тамыз- қыркүйек айларына жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында кәсіптік оқудан өтікізеді деді бөлім басшысы Қанат Шамшадұлы.

Сонымен бірге, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа өтінім берудің заңдылықтары, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздарға арналған құжаттарды тапсыру реттілігі бойынша айтып өтті.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша іс-шаралар жоспарының «Әлеуметтік сала» тармағындағы мемлекеттік гранттар беру, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және жұмыссыз азаматтардың кәсіби оқытулардан өткізу бойынша берілген жоспар 100 пайыз орындалу қажет – деді Ханбибі Дуланқызы.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының мақсаты ауылдық жерлерге жастарды тарту. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, агроөнеркәсіп кешені, кент және ауылдық округтер әкімі аппаратарының мемлекеттік қызметкерлері қатыса алады. Бағдарлама аясында ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға несие беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы алу мүмкіндігі қарастырылған.

2023 жылы республикалық бюджеттен 139725,0 мың теңге осы бағдарлама аясында қаралды. Қазіргі таңда тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде, немесе 5175,0 мың теңгеге дейін қаржы беріледі. Ол есеппен алғанда 27 маманға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік болады.(Қазіргі уақытта 49 маман кезекте тұр.)
2023 жылдың 1 сәурінен операциялық қызмет көрсететін сенім білдірген өкіл (агент) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан, «Отбасы банк» акционерлік қоғамына ауысуына байланысты жұмыс жасау алгоритмі жаңадан нақтылануда. Сол себепті құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды – деді аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Оспанұлы.

Бүгінгі отырыста хабарлашыларға сұрақтар қойылып, Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған ұсыныстардың орындалуы партия назарында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: