Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:37

Егер сіз кредит бойынша төлем жасай алмасаңыз не істеу керек?

24.01.2023

401

0

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда заң жүзінде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін міндетті тәртіп қолданылады, оның шеңберінде кредитті өтеуде қиындық көріп отырған қарыз алушы өзінің мерзімі өткен берешегін реттеу үшін кредиторға өтінішпен жүгінуге құқылы.

Заңнамалық талаптарға сәйкес кредитор қарыз алушыға төлем мерзімін кешіктіру туралы ол басталған сәттен бастап 20 күн ішінде хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға:

– туындаған кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлем жасау қажеттілігі;

– қарыз алушы-жеке тұлғаның кредиторға жүгіну құқығы;

– кредиттер мен микрокредиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы хабарлайды.

Сондықтан, егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда бірінші кезекте оған қызмет көрсетілетін банкке немесе МҚҰ-ға өтінішпен жүгіну қажет. Ешқандай жағдайда кредит берушіден жасырынудың қажеті жоқ! Орын алған жағдайда дұрыс шешім қабылдау қарыз алушының ғана емес, кредиттік ұйымның да мүддесі үшін қажет. Сондықтан, реттеу шаралары неғұрлым ертерек қабылданса, қарызды өтеудің өзара қолайлы нұсқасы соғұрлым тезірек табылатын болады.

Кредит бойынша төлем мерзімін өткізген қарыз алушыларға арналған іс-қимылдың толық алгоритмі «Кредиттер» бөлімінде орналастырылған 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: