Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 02 сәуiр, 21:01

Еgov.kz порталы неге істемей қалғаны белгілі болды

01.04.2025

189

0

Бүгін елімізде Egov порталы жұмыс істемей қалды

1 сәуірде балаларды мектепке қабылдауға өтініш беретін күні egov.kz порталы істемей қалды, Qaz365.kz.

«Портал қазір қолжетімсіз, біз оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!» – делінген порталдың хабарламасында.

1 сәуір – мектепке 1 сыныпқа қабылдауға өтініш беретін күн. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. 

Сондай-ақ қолайсыз жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау қызметі бүгін, яғни, 1 сәуірде сағат 15:00-ден бастап қолжетімді болатынын хабарлады.

«Құрметті пайдаланушылар! 1сыныпқа арналған құжаттарды қабылдау қызметі 1 сәуірде сағат 15:00-ден бастап eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болатынын хабарлайды», – делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: