Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:08

eGov.kz порталында жаңа қызмет іске қосылды

12.10.2023

407

0

Тұрғын үйлер мен объектілерді газдандыру үшін техникалық шарттарды алудың ыңғайлы тәсілі онлайн форматта eGov.kz порталында қолжетімді болды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«eGov.kz порталындағы жаңа қызметті іске қосу үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп жұмыс атқарды», деп жазылған хабарламада. 

Бұдан былай, жеке тұлғалар өз үйлерінен шықпай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, eGov.kz порталы арқылы газдандыру үшін техникалық шарттарды алуға өтінім бере алады. Техникалық шарттарды қарау және беру процесіне техникалық күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні және техникалық күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні кетеді.   

Тұрғын үйлер мен объектілерді газдандыру үшін eGov.kz порталынан техникалық жағдайлар алу үшін азаматтар бірнеше қарапайым қадамдардан өтуі керек:

  1. eGov.kz порталында авторизациялану;
  2. Байланыс телефоны мен электрондық пошта мекенжайын көрсету;
  3. Тұру мекенжайын таңдау;
  4. Газдандыру объектісінің мекенжайын таңдау;
  5. Техникалық төлқұжат сканерін қосу;
  6. Газдандыру объектісі бойынша деректерді көрсету;
  7. ЭЦҚ-мен өтінімге қол қою;
  8. Техникалық шарттардың берілетіні немесе берілмейтіні туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-дан жауабын күту.

Бұл жаңа қызмет азаматтардың уақытын үнемдейді, бұрынғыдай кеңселерге бару мен қағаз құжаттарын толтырудың қажеті болмайды. Онлайн-сервис сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйлер мен объектілерді газдандырудың қолжетімділігін жақсартуға ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: