Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 10 мамыр, 03:49

Елдің ертеңін бүгін ойлау керек

13.06.2023

240

0

Мемлекет даму үшін қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмауы тиіс. Сыбайластықты жоюдың, алдын алудың аясында атқарылған жұмыстар да шек жоқ. Дертті дендетпеудің барлық амалы жасалуда. Әлі толастаған жоқ. Халық арасындағы өткізілген түсіндірме жұмыстарының, кездесулердің есебіне жете алмаспыз. Тіпті өзгенің иелігіне қол сұққандардың тағдыры туралы видеороликтер індетпен күресу мәселесін сөз еткен кез келген жиында көрсетіліп келеді. Мақсат – қоғамдағы дамуға бастайтын жарқын істерге тосқауыл болмасын деген мәселе.

Қазіргі таңда жемқорлықсыз қоғам құру көптеген мемлекеттердің басты мақсаты. Кедергісіз келешекке нық қадам басу үшін де қоғамда жемқорлық көріністеріне жол берілмеуі керек. Негізі мемлекет даму үшін қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмауы тиіс. Себебі Мәңгілік Ел болуды мұрат еткен мемлекеттің өз алдына қойған мақсаты да айқын болуы тиіс екенін білеміз.
Бұл дертпен күресте қазақстандықтардың бірдей атсалысуы маңызды. Өйткені қоғамдағы екіұдайлы пікір қай кезде де мемлекеттің алға басуына кедергі келтіріп, дамудың баспалдағына іліге алмаймыз. Сол себепті жер-жерде жемқорлықпен күресу жұмыстары жалғасуда. Сондықтан онымен күрес тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды. Сондай-ақ демократиялық мемлекеттердің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашағына елеулі қауіп төндіреді. Әсіресе келешекте елдің дамуына күш салып, қоғам үшін жұмыс жасайтын, елдің тұтқасын ұстар бүгінгі буынның қалыптасуына, адамгершілік қасиеттерінің басым болуына кедергі келтіреді.
Жалпы, мемлекеттік заңнамаларды мейлінше жақсы білуі әр қоғам мүшесінің өз іс-әрекетіне деген сенімділігін арттырып, бұл қателік тұлғалық дамуына, өсуіне мүмкіндік береді. Осы жолда қандайда бір қитұрқылыққа бармай-ақ жетістікке жетуге болатынына, қоғамға пайдалы азамат ретінде өзін сезінуіне көз жеткізеді. Ең бастысы жұртшылық сыбайластықтың көрінісін байқаса құзырлы орындарға немесе жергілікті басшылыққа хабар беру керектігін білуі тиіс. Әсіресе бұл індеттен мемлекеттік қызметкерлер аулақ болуы тиіс. Мемлекетіміз өркендеп, экономикамыз қарыштап дамысын десек, әрбір отандас қоғам дертімен күресуді өзінің азаматтық парызына айналдыруы керек.
Расымен бұл мәселені шешу жолындағы жұмыстар нәтиже бермесе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды күшейтіп, індеттің шырмауына түсіп қоғамға селкеу түсіргендердің жазасын қатайтуға көшуге болады. Жазалыларды қатаң жазамен жазалау арқылы біз өзгелерге салғырттық сан соқтыратынын, арамдықтың арты адасу екенін түсіндіре аламыз. Тәртіпке бас иген құл болмайтынын түсінген жеке тұлға мұндай балшыққа батыратын істерден бойын аулақ салатыны анық.

Дастан БАХТИЯРОВ,
аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: