Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 13:31

Елімізде 500 теңгеден 20 мың теңгеге дейінгі барлық банкнотты ауыстыру жоспарлануда

04.02.2024

361

0

Кейбір жаңартылған банкноттар айналымға енді, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KYN.KZ.

«Жалпы, осы серия аясында 2025 жылдың соңына дейін 500 теңгеден басталып, номиналды құны 20 мың теңгелік банкнотпен аяқталатын жаңа сериядағы банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарлануда», – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Жаңа дизайндағы банкноттар шығарылғаннан кейін бұрынғы дизайндағы банкноттар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады. «Ұлттық банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың параллель айналыс мерзімін 1 жылға белгілейді. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін», – делінген хабарламада. Параллель айналыс кезеңінде ескі және жаңа банкноттар заңды төлем құралы болып саналады, олар төлемдер мен аударымдардың барлық түрлеріне қабылданады. Оларды Ұлттық банктің барлық филиалдарында, «Қазпоштада» және екінші деңгейлі банктерде шектеусіз айырбастауға болады.

«Параллель айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен «Қазпошта» бұрынғы үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл айырбастайды. 3 жыл өткеннен кейін Ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды мерзімсіз айырбастауды жалғастырады», – деді Ұлттық банк өкілдері. Айта кетейік, Ұлттық банк 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, номиналы 5 мың теңгелік банкноталарды айналымға шығарған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: