Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 07:23

Елімізде тағы екі анықтаманы онлайн алуға болады

05.05.2023

547

0

Қазақстандықтар eGov.kz пен eGov Mobile арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электронды көшімесі болуы қажет.

Қызмет көрсету нәтижесінде электронды құжатты 069/у нысаны бойынша берілген санаторий-курорттық карта немесе электронды құжат нысанында «Жеке кабинетке» жіберілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап алуға болады.

Санаторий-курорттық емдеу мамандандырылған мекемелерде көрсетілетін және минералды сулар, емдік балшық, термалды бұлақтар және т.б. сияқты санаторий-курорттық аймақтың табиғи факторларына негізделген кешенді емдеу-профилактикалық көмекті қамтиды.

«Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызметін мына топтар қолдана алады:

– дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;

– қызмет көрсету саласының қызметкерлері (моншалар, сауналар, шаштараздар, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;

– қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері және медицина қызметкерлері;

– мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;

– жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);

– қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;

– жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер студенттерге және т.б.

Қызмет көрсету нәтижесінде №075-у нысанында берілген медициналық анықтама (дәрігердің консультативтік қорытындысы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап нысанында электронды құжат «Жеке кабинетке» жолданады.

Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталының «Жеке кабинетінде» 30 минут ішінде пайда болады.

Қызметтер eGov.kz порталында «Азаматтарға» – «Денсаулық сақтау» – «Медициналық көмек» бөлімінде қолжетімді. Аналогиялық қызметтерді eGov Mobile мобильді қосымшасының «Денсаулық сақтау» бөлімінен алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: