Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:31

Елордамыздың халықаралық беделі артып келеді – Мемлекет басшысы

05.07.2023

359

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында елорданың халықаралық беделі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты. Бүгінде Астана жан-жақты әрі қарқынды дамып жатыр. Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанды. Бас қаламызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол қазір Астана дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы екенін айтты.

«Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе», деді Президент.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: