Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 22 мамыр, 03:12

Енді жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беріледі

05.07.2023

321

0

 Енді жаңа туған қазақстандықтарға бірден жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) беріледі.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, балаларға ЖСН беру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұрын нәресте дүниеге келгенде бірінші аты-жөні құжатталып, кейіннен ЖСН берілетін. Салдарынан мемлекет біраз уақыт азаматтар санын біле алмайтын.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (АХАТ) алдымен баланың туғаны жайлыжазбаны тіркейтін. Ата-анасының өтініші бойынша баланың тегі мен аты жазылатын. Сосын ішкі істер органдары ЖСН жасап, тек содан кейін ғана ата-аналарға туу туралы куәлік берілетін.

Жаңа алгоритм АХАТ жүйесі медициналық туу туралы куәлікті алғаннан кейін бірден аты-жөні жоқ баланың туу туралы актілік жазбасын автоматты түрде жасайды, осы жазба негізінде ЖСН құрылады.

«Бұл жүйеде ата-аналардың жеке өтінішінің қажеті жоқ. Бірден бірқатар мемлекеттік қызметті көрсету автоматты түрде іске қосылады», – деп есептейді ІІМ.

Тиісінше, ата-аналар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда немесе бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда бала туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу үшін кеңселерге барудың қажеті жоқ.

«Жүйе бір мезгілде анасына баланың тегі, аты туралы мәліметтер беру туралы SMS-хабарлама жібереді. Ата-аналар 3 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек. Баланың деректері алынғаннан кейін туу туралы куәлік жасалады», – деп толықтырды ІІМ.

Құқық қорғау органдарының пікірінше, туу туралы куәлікті алғанға дейін балаға ЖСН беру – балаларды толыққанды есепке алып қана қоймай, сондай-ақ осы кезеңде ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: