Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 15 қараша, 06:33

Еңбек министрлігі: Мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл бойы субсидияланады

18.04.2023

429

0

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шаралары туралы хабардар етті.

Ол жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Біріншісі – мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тетігі. Бұл талап бойынша жұмыс берушілер бар жұмыс орындары санының 2-ден 4% – на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарында мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгіленеді. Осы бағыт аясында өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 12,2 мың адам жұмысқа орналастырылды», – деді вице-министр.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, тағы бір бағыт – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру.  Бұл жоба 2018 жылы іске асырыла бастады.

«Осы бағыт шеңберінде жұмыс берушіге жұмыс орнын құру және жабдықтау шығындары өтеледі. Тетік қайта қаралып, күшейтілді, биылдан бастап жұмыс берушіге 1 млн теңгеге дейінгі шығындар өтеледі. Сонымен қатар арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың жалақысы үш жыл ішінде субсидияланады. Мәселен, бірінші жылы мемлекет жалақының 70%-ын, екінші жылы – 65%-ын, үшінші жылы – 60%-ын субсидиялайды», – деді ол.

Үшінші бағыт – біліктілікті арттыру, кәсіпкерлікпен айналысу және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін мүмкіндіктер көзделетін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту.

«Бүгінгі күні Ұлттық жобамен 13 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды, оның 1,2 мыңы тұрақты жұмысқа, 5,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына, оның ішінде «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» және т. б. жобалар бойынша жұмысқа орналастырылды.

Биыл гранттар беру тетігі қайта қаралды. Халықтың осал топтарына, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және мүгедектігі бар балалары бар ата-аналарға артықшылық беріледі. Осылайша, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 286 ата-ана мен мүмкіндігі шектеулі 481 адам грант алды», – деп түйіндеді Олжас Ордабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: