Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 29 желтоқсан, 06:25

Ертегілер әлеміне саяхат

28.12.2024

62

0

Жыл сайын дәстүрге айналған аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы биыл да балаларға қуаныш сыйлады. Мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасының балалары, ерекше жағдайдағы балалар мен білім, өнер, спортта жетістікке қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 70 бүлдіршін қатысты.

Балалардың қуанышымен бөлі­су­ге ар­найы келген аудан әкі­мі­нің орын­басары Ғани Сүлейменов бүл­дір­шіндерді Жаңа жыл ме­рекесімен құттықтап, ел болашағы балалар мен жастарға барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.
– Жаңа жыл – жаңа арманға жетелейтін, жаңа үміт сыйлайтын ерек­ше мереке. Осы мерекеде бас­қо­су­ды бү­кіл балалар жыл бойы асыға күтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың кілті, елдің ертеңі – білімді жастар. Мем­ле­кет­тің дамуы, өсіп-өркендеуі тіке­лей жастарға байланысты» деп атап өтті. Сондықтан Сіздер ұлтын сүйе­тін, Отанын қорғайтын, ата-ананы сый­лайтын, ұстаздарын қа­дірлейтін, дос­тықты бағалайтын, білімді азаматқа лайық болуларыңыз керек. Шыр­ша тойында өнер көрсетіп сыйлық алатын бүлдіршіндердің қуанышынан артық ештеңе жоқ. Балалардың бақытты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан үне­мі қамқорлық көрсетіліп, барлық жағ­дай жасалып келеді. Аудан бойын­ша барлық мектеп 100 пайыз турни­­кет, бейнебақылау камералары және интер­нетпен қамтамасыз етілді. Соны­мен қатар Бұқарбай батыр ауы­лындағы №33 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 428,9 млн теңге қаржы бөлінді. Сон­дай-ақ Таң ауылындағы №118 орта мектеп аумағын абаттандыру жұмыс­тары жүр­гізілді. Оған облыс тай­қа­занынан 78 млн теңге қаралды. «Ауыл­­дық ай­мақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында кент­те орналасқан №201 мектеп-ли­цей­ге «Қазақстан халқына» қоры есе­бінен 250 млн теңге бөлініп, мате­риалдық-техникалық базасын жа­ңар­­ту және педагогтарды оқыту жұ­мыс­­­тары жүр­гізілді. Мектептердің ма­­териал­дық-тех­ни­калық базасын жа­рақ­тандыруға биыл мо­дернизация жаң­ғырту жұмыстарына 4 мектеп ен­гізіліп, бұл мақсатқа 983 млн тең­ге қаралып, тиісті заттар алынды. Аудан бойынша білім деңгейі жоғары болу үшін ау­қымды бастамалар жалғасын табады, – деді Ғани Кенжеғараұлы.
Айта кетейік, ауыл мектептерінің талант­ты және білім­ге құштар оқушыларын анықтау мақсатында қатарынан екінші рет ұйым­дастырылған олимпиадада жалағаш­тық жастар тағы да топ жарды. Нақ­ты­рақ айтсақ, аудандық, об­лыс­тық дең­гей­лерден сүрінбей өткен 5 оқушымыз республикалық кезеңнен жеңіс­пен орал­ды. Оқушылардың 2-еуі күміс, 2-еуі қола медаль иеленген.
Балаларға қуаныш сыйлаған шарада бүл­­діршіндерге мере­келік сыйлықтар табыс­талып, үл­кені де, кішісі де думанның қы­зық­ты өтуіне бірге атсалысты. Оқушылар аудан әкімінің орын­басары, білім бөлімінің басшысы және мектеп директорларымен бірге түрлі ойыншықтар мен шамдар ілінген шыр­­шаны айнала жүріп, мереке көркін қыздырды.
Жоғары деңгейде өткен кеште ға­жайыпқа толы қойылымдар қойы­лып, бүл­діршіндер ертегі әлеміне ен­гендей күй кешті. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіп­керлері, жаңа жыл­дың символына ай­налған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бө­лісіп, балаларға әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Одан бөлек балғын балақайлар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз атаның сыйлығына кенелді.
– Мен Ақсу ауылындағы №116 мек­тепте оқимын. Аудан әкімінің шыр­ша­сы­на қатысатынымды білгенде, қат­ты қуан­дым. Сіз­дерді Жаңа жыл ме­рекесімен құт­тықтаймын! Біз Жаңа жылдық шыршаның айналасына жиналып, мерекені көтеріңкі кө­ңіл-күймен қарсы алудамыз. Есімізде қала­тын­дай ерекше кеш болуда. Келер жылы бар­­­шаңыздың ұш­қыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын. Мен де биылғы оқу жылын үздік аяқ­таймын деп мақ­сат еттім. Аға-апаларыма осындай шырша ұйым­дас­тырғанына рахмет айтамын. Үл­кендер сенімін ақтап, сапалы білім алып, елге адал қыз­мет етемін, – дейді бүлдіршін Ұлжан Қойшыбек.
Мерекелік шара соңын­да барлық бүл­діршінге аудан әкі­мінің атынан тәттілерге то­лы қоржындар үлес­тірілді. Ескі ұлу жылын ри­­­за­шылықпен шығарып салған бала­қайлар жы­лан жылын ыстық ықыласпен қарсы алды. Ер­тегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойы­лымдардан өзгешеленген бұл ду­ман балаларға ұмытылмастай әсер қал­дыр­­ды.

Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: