Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сейсенбі, 14 қаңтар, 00:22

Еурохаттама қосымшасы іске қосылды

13.01.2025

61

0

          Өткен жылдан бастап елімізде еурохаттама жобасы жүзеге асуда.  «Жол-көлік оқиғасы туралы полиция қызметкерін шақырмай хаттама толтырар кезде мынаны естен шығармау керек. Егер сіз еурохаттама қосымшасы арқылы хаттама жасап кейін дау-дамай болып, шығынды өндіре алмай қалсаңыз полиция қызметкеріне қайта шағымдана алмайсыз. Сондықтан жаңа жүйенің қызметіне жүгінер алдын жеті өлшеп бір кескен жөн. Егер еурохаттаманы толтырғаннан кейін жасырын ақаулар анықталса және келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асса, сақтандырушы ешқандай қосымша төлем жасауға міндетті емес. Сақтандыру төлемі 100 АЕК шегінде жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалды деп есептеледі. Келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен асады деп ойласаңыз, жол полиция инспекторын шақырып, сақтандыру жағдайын стандартты түрде тіркегеніңіз дұрыс.

      Еурохаттама кішкене зақым үшін қолданылады. Егер сізде қымбат көлік болса және әлі де дилердің кепілдігі болса, оған сәйкес сіз тек оның салонында автокөлікті жөндеуге міндетті болсаңыз, онда зақымдануды бағалау мәселесіне мұқият қарау қажет.    Егер бұл жүйе жоғарыдағы айтылған талаптарға сай болып тиімді жұмыс жасаса үлкен қалаларда болатын кептелістердің азаюына септігі тиеді ойлаймын.  

Рахат АҚҚАСЫНОВ,

Жалағаш аудандық сотының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: