Ақмола облысының Зеренді ауылында «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі бастау алды. Аталған съездің басты жаңалығы партияның жастар қанаты «Жастар Рухы» болып өзгерді. Өзгерістер аясында жаңа бағдарлама мен жобалардың тізімі қабылданып, басқарушы органның құрамы жаңартылды.
«Жастар Рухы»-ның негізгі басымдықтары – демократияландыру, орталықсыздандыру және бюрократияны жою.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Қаншагүл Мұстафаева,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!