Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 03:21

Халық ақылы медициналық көмек алуға мәжбүр – Асхат Аймағамбетов

20.04.2023

364

0

Депутат Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында медицина саласындағы өзекті мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат медициналық сақтандыру мәселелеріне тоқталып, ұсыныс білдірді.

«Қазір азаматтар ауруханаға барып, тексерістен тегін өтемін десе, бір ай немесе үш ай күту керек. Ал егер сол адамдар сол тексерістен ақылы түрде өтемін десе, дәл сол уақытта өтуіне болады. Сондықтан еріксіз ақылы қызметті алуға мәжбүр болады. Онда біз не үшін ай сайын жалақыдан жарнаны төлейміз дейді. Бұл негізінен жасанды проблема. Ол енгізілген қаржыландыру жүйесімен де байланысты болып тұр. Мысалы, емханалар іс жүзінде ай сайын квота арқылы қаражат алады. Осыны ескере отырып ай сайынғы қаржыландырудан бас тарту керек. Көрсетілген қызмет фактісі бойынша төленуі тиіс. Пациенттерге медициналық ұйымды таңдау еркін беріп түсініспеушілікті болдырмау үшін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен медицина сақтандыру пакеттерін нақтылауды ұсынамын», деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат дәрігерлерге артылған жүктеменің көптігін де айтты. Дәрігерлер емделушілердің алдындағы міндетіне емес, толтырылуы керек құжаттарға көп уақыт жұмсайды деді депутат. Сондықтан бұндай жұмыстарды медбикелерге тапсыруды ұсынды.

«Бүгінгі таңда дәрігерлер пациенттерді тексерудің орнына компьютерге телміріп, деректерді түрлі ақпараттық жүйелерге енгізуге мәжбүр болғандықтан науқастарды қарауға тіпті, уақыты да жоқ. Сондықтан барлық құжаттарды толтыруды медбикелерге тапсыру қажет деп санаймын. Штат санын көбейту арқылы дәрігерлердің жүктемесін азайту қажет және бірыңғай ақпараттық жүйені іске қосу бойынша  жұмысты шұғыл аяқтау керек», деп қосты депутат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: