Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 18:50

Іштегі сәбидің жынысын жариялау – күнә

24.06.2024

351

0

Қазір көпшілік жүкті әйел отбасымен бірге gender party жасайды. Бұл кезде отбасының өзі және жиналған жақындары мен достары құрсақтағы сәбидің жынысын біледі.

Ислам діні тұрғысынан, мұндай кеш ұйымдастыру дұрыс па? Бұл сұраққа «Muftyat.kz«-ке Хасан Аманқұл жауап берді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесін, яғни баланың жынысы туралы мәліметті қолына алған әйел оны түрлі әдіспен білдіре алады. Жағымды жаңалық шардың түсі, тәтті торттың түсі немесе қорапқа жасырылған басқа да атрибут арқылы жеткізілуі мүмкін. Нарықта бұл кешті арнайы ұйымдастырып беретін қызмет түрлері де бар.

«Құран Кәрімде: «Алла әрбір ұрғашы жыныстың не көтергенін, құрсақтардың нені кемітіп, нені арттыратынын, нені түсіріп (яғни түсік тастап немесе ай-күні толмай босанатынын), нені мерзімінен асырып жіберетінін толық біледі. Оның құзырында барлық нәрсе өлшеулі», – делінген («Рағыд» сүресі, 8-аят).

Бүгінде құрсақтағы баланың жынысын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндігіміз бар шығар. Бірақ алдағы уақытта оның дүниеге қалай келетінін, сосын қалай өмір сүретінін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ғайып (құпия заттың) кілті бесеу. Оны Алладан басқа ешкім білмейді. Ертең не болатынын, әйелдің кімді босанатынын, жауын қашан жауатынын, кісі қай жерде өлетінін, Қиямет қашан болатынын Алладан басқа ешкім білмейді», – деген (Бұхари). Сондықтан алдын ала қуанып, тумаған балаға той жасау әбестік болып есептеледі», — деді Хасан Аманқұл.

Дінтанушының айтуынша, екіншіден, шариғатымызда айтылмаған, дінімізде бұйырылмаған істі істеу арқылы бидғатқа (күнәға) жол ашады. Үшіншіден, босқа мал шашып пайдасыз жиын өткізсе, ысырап жасаған болады.

Төртіншіден, дінсіз қоғамның әдетін ұстанып, соларға еліктеу адамды адасушылыққа алып барады. Бесіншіден, қазақтың ғұрып әдетінде аяғы ауыр келіншек барынша көз-тілден сақтанған және өзінің жағдайын жария етуді ұят санаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: