Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Дүйсенбі, 09 ақпан, 16:31

Кәмелетке толмаған қызылордалық түнгі клубта азот оксиді құйылған шар сатқан

09.02.2026

5

0

Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлардың ашық түрде сатылып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі жеткізді.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен хабарлама негізінде рейдтік іс-шара жүргізді.

– Рейд барысында түнгі клубтан 10 литрлік 4 газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 шар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес (улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Клуб қызметкері кәмелет жасына толмаған екен, сондықтан оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп, барлық ойын-сауық орнында профилактикалық тексеру жүргізіп келеді.

В Кызылорде пресечён незаконный оборот шаров с оксидом азота1.jpeg

Жуырда біз Астананың бірқатар көңіл-көтеру мекемесінде 20-дан астам азот тотығы баллоны анықталып, тәркіленгенін жазғанбыз.

Фото: Қызылорда ПД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: