Кассациялық соттарды құру-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен IX судьялар сьезінде жария етілген сот реформасының негізгі бағыты.
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасынында жаңадан құрылатын кассациялық сот Астана қаласында жұмысын бастады.
Осы сот судьялығына іріктеу кезінде практикалық тәжірибие, судьялық өтіл, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, мінсіз бедел және үміткерлерді бағалаудың көпсатылы жүйесінде көзделген өзге де критерийлер ескерілген.
Қазақстан астанасында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың қатысуымен кассациялық соттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге қатысушыларға құттықтау сөзінде А.Мерғалиев Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, инвестициялар мен бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған сот реформасының маңыздылығын ерекше атап өткеніне тоқталды.
Бұл реформаның негізгі элементі кассациялық соттарды енгізу болды.
Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, кассациялық сатының ашылуы сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін білдіреді және мемлекеттің сот төрелігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын айғақтайды.
Жоғарғы Сот Төрағасы кассациялық соттар еліміздегі «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатын бекіте отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді буынына айналатынына сенім білдірді.
Биылғы 1 шілдеге дейін кассациялық сатының функцияларын Жоғарғы Сот жүзеге асырды, азаматтық және қылмыстық істерді қарау «таңдамалы» кассациялық тәртіп бойынша жүргізілді. Оның мәні азаматтық істер бойынша азаматтардың өтінішхаттары алдымен алдын ала қарауға беріліп, оларды алқалы қарауға беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді судьяның өзі ғана шығарды. Қылмыстық істер бойынша алдын ала қарау алқалы түрде, үш судьяның қатысуымен жүргізілді. Бірақ бұл тәртіп жетілдірілмеген, азаматтарға белгілі бір қолайсыздық тудырды.
Бастапқыда әкімшілік әділеттің енгізілуімен жаппай кассациялық тәртіп қолданылған әкімшілік істер бойынша шағымдар түскен жоқ нәтижесінде, сот ісін жүргізудің үш түрі бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға басқаша көзқарас пайда болды. Бұл жағдай кассациялық қарауға қолжетімділікті шектеді және тиісінше сот төрелігіне қолжетімділік туралы қоғамның сұранысын қанағаттандырмады.
Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық және азаматтық істерді алдын ала қарау жойылды.
Енді апелляциялық сатыдан кейін барлық келіп түскен шағымдар іс жүргізуге қабылданып, мәні бойынша кемінде үш судьядан тұратын алқада қаралады. Істерді кассациялық тәртіпте қарау мерзімі алты айдан аспайды.
Жоғарғы Сот жоғары сот органы ретінде сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге баса назар аударатын болады.
Жоғарғы Сот судьясының бастамасы бойынша сот актілерін қайта қарау, егер оларды сот практикасына қайшы келетін жергілікті және кассациялық соттар қабылдаған ерекше жағдайларда мүмкін болады.
Кассациялық тәртіптте шағым беру мерзімі апелляциялық саты сотының қаулысын түпкілікті алғаннан кейін 6 ай ішінде.
Апелляциялық сатыда татуласу келісімімен, медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілеріде кассациялық тәртіпте қаралуы мүмкін.
Егерде апелляциялық сот актісі 1 шілде 2025 жылға дейін қабылданған болса кассациялық шағым апелляциялық сатыға беріледі ол жақтан кассациялық сотқа іспен қосып жолданады.
Егерде 1 шілде 2025 жылдан кейінгі қабылданған апелляциялық саты сотының сот актісіне кассациялық шағым берілсе ол тиісті мемлекеттік бажды төлеп тікелей кассациялық сотқа беріледі.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта төрағасы және 37 судья;
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотта сот төрағасы және 20 судья;
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотта сот төрағасы және 18 судья қызмет атқаратын болады.
Кассациялық саты жұмысының тиімділігін қамтамасыз етіп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттырады деп білеміз.
Аян Алтынбаев
Жалағаш аудандық сотының
Әкімші басшысы
«Қызылорда облыстық судьялар
Одағының мүшесі»
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!