Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 13:19

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13.03.2024

209

0

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалына тексеру жүргізді. 

2022 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде желілерге қосылу кезінде техникалық шарттарға қосымша талаптарды қою фактісі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалына қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен 5 әкімшілік өндіріс қозғаған болатын.

Субъект аталған тексеру нәтижесінде енгізілген нұсқамаларға сотқа әкімшілік талаптар беруіне байланысты, Кодекстің 817-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері ұзартылған.

«Нұсқамалардың заңдылығы соттың үш сатысында қаралып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 31 қазандағы қаулысымен нұсқамалар заңды деп танылды. Осы ретте, ТМРКД әкімшілік құқық бұзущылық туралы істерді қайта жаңғыртып, Кодекстің 816-бабының 4-бөлігіне сәйкес біріктіріп қарап, барлығы 18 378 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салды. Субъект аталған шешіммен келіспей, ТМРКД-ның қаулысына шағым келтіріп, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2024 жылғы 8 қаңтардағы және Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 12 ақпандағы қаулыларымен ТМРКД-ның қаулысы өзгеріссіз қалдырылды», делінген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда департамент қаулысы заңды күшіне енді. Кодекстің 888-бабының талаптарына сай, департамент қаулысының орындалу мерзімі 3 айға ұзартылды.

Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: