Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:46

«Киік қасиетті жануар»: Мемлекет басшысы экология министріне сөгіс жариялады

14.07.2022

557

0

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

«Киік популяциясының одан арғы тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаңға салып, пікірталас тудырғаны үшін сөгіс жариялаймын. Мұның бәрін осындай қоғамдық талқылау деңгейіне шығарудың қандай қажеті бар еді?! Бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарау керек. Ұлтымыздың менталитетін ескеру қажет», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент киік қазақтар үшін қасиетті жануар екенін атап өтті.

«Табиғи ландшафтан сексен мың киікті өлтіру мәселесі жайлы айтылып отыр. Бірақ мұның басқа да әдістері бар. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл енді соңғы шара ғой. Бұл шараны қолдануға тура келетін шығар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ қайталап айтамын, бұл соңғы шара», – деді мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: