Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жататын өте қатерлі ауру. Ауру көктем, жаз, күз айларында кездеседі.
Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының тасымалдаушысы қарапайым кене. Кене шағу қауіптілігі кейбір кенелердің ағзасында осы ауруды тарататын вирустардың сақталуы. Сол себепті аурудың тіркелуі осы кенелердің көктем, жаз мезгілдерінде шығып, адамдар мен жан-жануарларды шағу белсенділігінің артатын кезеңімен байланысты. Кенелер адамға мал жайғау, малды сауу, сыртта бақша егу, отын-шөп дайындау, табиғатта дем алу, тағы сол сияқты жағдайларда жабысады.
Ауру қоздырғышы вирустар адам ағзасына:
Трансмиссивтік жолмен – (кененің жабысып шағуы), қарым қатынас, жанасу арқылы-(ауру адамнан сау адамға қан және қан бөлінділері және кенені қолмен езу, қайшымен қию кезінде қолға қан жұғуы арқылы) беріледі.
Конго-Қырым қанды қызбасы ауруының негізгі белгілері:
Ауру кенеттен жедел түрде басталады. Науқастың басы қатты ауырып, дел-сал күйге түсіп, белі сырқырайды, тамаққа тәбеті болмайды. Дененің қызуы 39-41°С дейін көтеріледі. Адам ағзасының шырышты қабаттарынан, тістерінен, мұрнынан, әйелдердің жыныстық мүшелерінен (жатырдан) немесе ішкі ағзаларынан (асқазан, тік ішектен қан кетеді. Терісіне бөртпелер шығып, иньекция (ине) салған, шымшыған жерлерде терісі көгеріп, ауру белгілері пайда болады. Ағзаның қанды ұйыту қабілеті бірте-бірте жоғалып, адам қансырау салдарынан қаза болуы мүмкін. Бұл дерттің қауіптілігі сол осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады.
Ережелерді назарда сақтаған жөн:
Табиғат аясында, саяжайда демалған сәттерде, кенеден сақтану, яғни дененің киімнен ашық жерлерін мейлінше азайту керек. Кене жабысу мүмкіндіктері бар жерлерде шалбардың балағын носкидің ішіне, көйлекті шалбардың беліне салып қымтаған дұрыс. Бұл шара кененің денеге кіруінен қорғайды. Жұмыстан кейін жабысқан кенелерді анықтау үшін күнделікті үстіңізді мұқият бір тексеріп шығыңыз.
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отыра, малды күту барысында сақтық ережелерді бұлжытпай орындау керек. Малдағы кенені жалаңаш қолмен жұлуға болмайды.
Егер сізді кене шағып алған болса, онда шұғыл түрде тұрғылықты жер бойынша міндетті түрде емдеу мекемесіне медициналық көмекке жүгініңіз.
Сізді 14 күнге дейін медициналық бақылауға алады. Аурудың бірінші белгілері дене қызуы көтерілуі пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Міне осы айтылған қарапайым ережелерді күнделікті сақтаған жағдайда сіз аурудан таза боласыз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!