Күнделікті жаяу жүрудің, тіпті жай ғана аяңдаудың денсаулыққа пайдасы зор, деп хабарлайды Egemen.kz.
Адам ағзасы үшін қимыл-қозғалыс саламатты өмірдің бір кепілі. Ал күн сайын кемінде 10 мың қадам жүретін болсаңыз, ағзада байқалатын өзгерістер:
– Аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.
– Жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.
– Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.
– Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.
– Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!