Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 11:12

Күн сайын 10 мың қадам жүрсеңіз, ағзада қандай өзгерістер байқалады?

05.02.2024

318

0

Күнделікті жаяу жүрудің, тіпті жай ғана аяңдаудың денсаулыққа пайдасы зор, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам ағзасы үшін қимыл-қозғалыс саламатты өмірдің бір кепілі. Ал күн сайын кемінде 10 мың қадам жүретін болсаңыз, ағзада байқалатын өзгерістер:

– Аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.

– Жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.

– Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.

– Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.

– Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: