Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:34

Күре жолдарда арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылып жатыр

30.05.2023

402

0

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін жолшылар республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» және А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолдарының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ Күйік және Қордай асуларында 40 мыңға жуық арнайы жарықты шағылыстыратын пластиналарды орнатты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қондырғылар Түркістан және Жамбыл облыстары аумағында орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қондырғының басты артықшылығы — қарама-қарсы бағытта келе жатқан көліктердің шамдары жүргізушілерге кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе түнгі уақытта қауіпсіз әрі ыңғайлы. Қондырғы көпжолақты жолдарға ғана орнатылады. Алдағы уақытта дәл осындай арнайы жарықты шағылыстыратын экрандар көлік қарқыны жоғары «Алматы-Қорғас» және Р-7 «Бурабай аумағы» күре жолдарында пайда болады», деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: